Дональд Трамп нәсілшілдікті әшкере түрде қолдайды
Бір америкалық саясаткер ел президентінің позициясы мен саясаттарын нәсілшілдікті әшкере түрде қолдау деп атады.
АҚШ-тың 2016 жылы болған президенттік сайлауында Демократтар партиясының үміткері Хиллари Клинтонның сайлау штабының басшысы Джон Подеста «The Washington Post» газетінде жариялаған мақаласында: "АҚШ Президенті Дональд Трамп елдегі нәсілшіл топтарды, соның ішінде Ку-Клукс-Клан тобын әшкере түрде қолдап отыр",-деді.
Америкалық саясаткердің жазуынша, Дональд Трамптың іс-әрекеттерінен оның ақылынан алжасқаны, рухының дұрыс еместігі, болашақ ұрпақты қорлауы айқын көрінеді.
Нәсілшіл топтар 12 тамызда Вирджиния штатының Шарлоттсвилль қаласында XIX ғасырда құлдық жүйені жақтаушылардың біріне қойылған ескерткіштің алынғанына наразылық білдіріп жиналды.
Нәсілшіл топтардың қатыгез әрекеттері бірнеше адамның қаза табуы мен жарақаттануына әкеліп соқтырды. Бірақ Дональд Трамп нәсілшіл топтардың қатыгез әрекеттерін ашық түрде айыптауға дайын болмай отыр.