Ресей Думасының өкілдері Сирия армиясының жеңісін қолдайды
https://itolqyn.com/news/world-i30511-Ресей_Думасының_өкілдері_Сирия_армиясының_жеңісін_қолдайды
Ресей Думасының өкілдері Сирия армиясының жеңісін қолдайтындықтарын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 07, 2017 07:32 Asia/Almaty
  • Ресей Думасының өкілдері Сирия армиясының жеңісін қолдайды

Ресей Думасының өкілдері Сирия армиясының жеңісін қолдайтындықтарын мәлімдеді.

Ресей Думасының коммунист өкілі Владимир Кашин Сирияның Дейр эз-Зор қаласындағы қоршаудың бұзылғанын үлкен жеңіс әрі осы қалада ДАИШ лаңкестері үстемдік еткен қаралы күндердің соңы деп атап, АҚШ-ты әлемдегі елдердің, соның ішінде Ирак пен Ливиядағы, Ауғанстан мен Сириядағы көптеген жазықсыз адамдардың өліміне жауапты ел деп атады.

Ресей Думасының келесі өкілі Андрей Бурьянов АҚШ-тың Таяу Шығыстағы өз мүдделерін сақтау үшін өз одақтастары және лаңкестік топтармен бірігіп, аймақта тұрақсыздық тудыруға күш салып жатқанын айтты.

Сирия армиясы дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде осы елдегі Дэйр эз-Зор қаласының үш жылдық қоршауының бұзылғанына тоқталып: «АҚШ пен ДАИШ-қа қарсы деп аталатын коалицияның лаңкестік  және қылмыстық топтарды қолдауы мен араласуы Дейр эз-Зор қаласын азат етудің кешіктірілуіне себеп болды»,-деді.