Ресей Думасының өкілдері Сирия армиясының жеңісін қолдайды
Ресей Думасының өкілдері Сирия армиясының жеңісін қолдайтындықтарын мәлімдеді.
Ресей Думасының коммунист өкілі Владимир Кашин Сирияның Дейр эз-Зор қаласындағы қоршаудың бұзылғанын үлкен жеңіс әрі осы қалада ДАИШ лаңкестері үстемдік еткен қаралы күндердің соңы деп атап, АҚШ-ты әлемдегі елдердің, соның ішінде Ирак пен Ливиядағы, Ауғанстан мен Сириядағы көптеген жазықсыз адамдардың өліміне жауапты ел деп атады.
Ресей Думасының келесі өкілі Андрей Бурьянов АҚШ-тың Таяу Шығыстағы өз мүдделерін сақтау үшін өз одақтастары және лаңкестік топтармен бірігіп, аймақта тұрақсыздық тудыруға күш салып жатқанын айтты.
Сирия армиясы дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде осы елдегі Дэйр эз-Зор қаласының үш жылдық қоршауының бұзылғанына тоқталып: «АҚШ пен ДАИШ-қа қарсы деп аталатын коалицияның лаңкестік және қылмыстық топтарды қолдауы мен араласуы Дейр эз-Зор қаласын азат етудің кешіктірілуіне себеп болды»,-деді.