Амано: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелерін орындап жатыр
(last modified Mon, 11 Sep 2017 16:38:31 GMT )
Қыр 11, 2017 22:38 Asia/Almaty
  • Амано: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелерін орындап жатыр

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы барлық міндеттемелеріне табанды екендігін тағы да растады.

«Associated Press»-тің мәліметі бойынша, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіның Бас директоры Юкиа Амано дүйсенбі күні Агенттіктің Басқармалар кеңесінің Венадағы кезеңдік  отырысында: «Иран 2015 жылы Теһран мен АҚШ, Франция, Британия, Қытай, Ресей және Германиядан құрылған «алтылық» тобы арасында қол қойылған ядролық мәселеге қатысты келісімдегі өз міндеттемелеріне табанды.  Иран өзі қабылдаған шарттарды орындап жатыр»,- деді.

Ақ үй Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болмады деп айыптап, Иранға қарсы қысымдарды арттырғысы келген соң Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің  Бас директоры растауын қайталады.

2017 жылдың тамыз айының 31 күні жарияланған Агенттіктің  кезеңдік сегізінші есебі Иранның өзінің барлық міндеттемелеріне табанды екенін растады.