АҚШ коалициясының Сирияға шабуылдары салдарынан жиырмадан астам бейбіт тұрғын қаза тапты
ДАИШ-ке қарсы америкалық коалицияның әуе шабуылдары салдарынан Сирияның Ракка мен Дейр оз-Зор қалаларында 20-дан астам бейбіт тұрғын қаза тапты.
«Тренд» ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Ракканың маңында көбісі әйелдер мен балалар болған кемінде 11 адам, Дейр оз-Зордың солтүстігінде тағы 11 адам америкалық коалиция шабуылдарының құрбаны болды.
Осы мәлімет бойынша, шабуылдар екі қаланың ғимараттары мен инфрақұрылымына да зиян тигізген.
АҚШ бастаған ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияның Ирак пен Сириядағы шабуылдарын бақылайтын Airwars тобы жуырда 2014 жылдан бері 3000-ға жуық бейбіт тұрғынның америкалық коалицияның Ирак пен Сириядағы әуе шабуылдарында қаза тапқанын хабарлады.
АҚШ соңғы жылдары лаңкестік топтармен күрес сылтауымен Сирия мен Иракта бейбіт тұрғындарды сан рет нысанаға алды.