Халықаралық сарапшылар Трампқа «Ортақ қадам» бағдарламасына қатысты ескерту жасады
Халықаралық сарапшылар, соның ішінде Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бұрынғы басшысы Америка президентіне «Ортақ қадам» бағдарламасынан бас тартуға қатысты ескерту жасады.
The New York Times басылымындағы мәліметке сәйкес, Ядролық қаруды таратпау ұйымының сексеннен астам маманы Америка президенті Дональд Трамптың Иран мен «алтылық» елдері арасында жасалған ядролық келісімнен бас тарту ықтималына қатысты шарасына алаңдаушылық білдіріп, кеше сәрсенбі күні осы мәселені Трамптың қайта қарауын сұрады.
Халықаралық сарапшылардың, соның ішінде Жапония Атом Қуаты комитетінің комиссары Nobuyasu Abe мен Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бұрынғы бас директоры Ганс Бликстың мәлімдемелеріне сәйкес, Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келісімі осы уақытқа дейін нәтижелі болды.
Американың бұрынғы президенті Барак Обама үкіметінің Иранмен ядролық келіссөздердегі бас келісімгері Венди Шерман «Ортақ қадам» бағдарламасын жыртуды Американың ұлттық қауіпсіздігі саласындағы ықтималды ең жаман әрекет деп ескертіп: ««Ортақ қадам» бағдарламасынан шығу Америка мен Вашингтонның еуропалық одақтастары арасында жіктің пайда болуына себеп болады» деді.
Иран мен «алтылық» елдері арасындағы ядролық келісім 2016 жылдың қаңтар айынан бастап жүзеге асырылып жатыр. Америка үкіметі осы топтың мүшелерінің бірі ретінде әрдайым аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру жолында кедергі келтіріп келеді.