Әзірбайжан республикасында ирандық инвесторлар үшін жақсы мүмкіндік бар
Бакудегі Иран Ислам Республикасының елшісі ирандық сауда-экономика саласының белсенділері бағдарлама жасау арқылы Ресей, Беларуссия, Украина және Солтүстік Кавказ аймағымен байланыстырушы көпір ретінде Әзірбайжан республикасының мүмкіндіктерін пайдалана алады» деді.
Бакудегі ИИР-ның елшісі Джавад Джаһангирзаде бейсенбі күні Бакуде өтіп жатқан үш күндік халықаралық CASPINDEXPO көрмесінің аясында ИРНА-ға берген сұхбатта: «Бұл көрме аймақ пен көршілес елдердің тұтыну нарықтарының көрсеткіші бола алады. Иран өз өнімдерін экспорттау үшін жаңа нарықтар таба алады. Иран мен Әзірбайжан республикасы екі ел басшыларының келісімдері негізінде Әзірбайжанның Нефтчале аймағында машина шығаратын зауыт салып жатыр. Осы уақытқа дейін жобаның шамамен 90 пайызы жүзеге асырылды» деді.
CASPINDEXPO өнеркәсіптік халықаралық көрмеге ирандық 20 компания қатысуда. Көрме ертең жұмаға дейін жалғасады.