Теһран "Ортақ қадам" бағдарламасындағы Иранның құқығын бұзушыларға тиісті жауап береді
ИИР-ның Президенті Рухани: "Теһран ешқашан халықаралық келісімді бірінші болып бұзған емес, алайда кімде-кім Иран халқының құқығына қолсұғушылық танытса, Иран міндетті түрде оған тиісті жауап береді",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша ИИР-ның Президенті жексенбі күні кешке Нью-Йоркте тұратын ирандық зиялы қауым мен танымал адамдармен кездесуде «Ортақ қадам" бағдарламасының аймақ пен дүниежүзінің саяси тарихында әрдайым сақталатынын, сонымен қатар ирандықтардың тарих бойында әрдайым өз уәделеріне берік болғанын, қарсылас тарап өз уәдесіне табандылық танытқанға дейін Иранның да уәдесінде тұратынын айтты.
ИИР Президенті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясының қолдауымен бекітілген көп жақты келісім екенін баса айтып: "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығу бір мемлекеттің саяси айқын міндеттемелерін бұзу дегенді білдіреді. Мұндай іс ешкімге абырой әпермейді. Иранда Президентті ұлықтау рәсімінің 105-тен астам шетелдік делегацияның қатысуымен өтуі олардың Иран халқы мен оның таңдауын құрметтейтінін көрсетті", - деді.