Әзірбайжан республикасы үкіметіне қарсы журналист сотталды
Қыр 18, 2017 19:44 Asia/Almaty
Әзірбайжан республикасының үкіметін сынаған журналист 9 жылға сотталды.
Осы журналистің адвокаты өзінің қорғалушысының коррупциямен айыпталуын жалған, айыптаушылардың мақсатын сыншыларды басып-жаныштау үшін жасалған әрекет деп атады. Аймақтық бір сот Әзірбайжан республикасы басшыларының жемқорлығын әшкерелейтін интернет торабының негізін қалаушы әрі халықтық қарсылас партияның мүшесі Ильчин Исмаилиді билікті асыра пайдалану және жемқорлық айыбымен қылмыскер деп таныды.
Журналистің адвокаты Ильчин Садықов айыптарды негізсіз, үкімді заңсыз және істі толығымен жалған деп атап, қорғалушысының үкіметтегі қаржы жемқорлығын әшкерелегені үшін ұсталғанын мәлімдеді.
Тегтер