АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығудың құны ауыр болады
https://itolqyn.com/news/world-i30897
ИИР Президенті Рухани «АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу ықтималының бұл мемлекетке ауыр шығын келтіретінін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 19, 2017 13:08 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығудың құны ауыр болады

ИИР Президенті Рухани «АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу ықтималының бұл мемлекетке ауыр шығын келтіретінін қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, БҰҰ Бас ассамблеясының 72-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке келген Иран Президенті Хасан Рухани  дүйсенбі күні АҚШ-тың CNN арнасына берген сұхбатында АҚШ ядролық мәселеге қатысты келісімінен шыққан жағдайдағы Иранның реакциясы туралы: «Мен америкалықтар осынша шығынның құнын төлегісі келеді деп ойламаймын. Бұл ықтималды шешім АҚШ-қа пайда әкелмейді, сондай-ақ АҚШ-тың әлеммен қарым-қатынастарына сенімсіздік тудырады. Қазір  Вашингтон Солтүстік Корея мәселесіне шырмалып отыр. Егер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықса, Солтүстік Кореяға АҚШ-пен келісімге келуі үшін қандай кепілдік бере алады»,- деді.