Теһран Латын Америкасы елдерімен қарым-қатынастарды дамытуды қолдайды
https://itolqyn.com/news/world-i30899
ИИР Президенті Теһранның Латын Америкасы елдерімен ынтымақтастықтарын кеңейткісі келетінін қуаттап, Теһранның Латын Америкасы аймағы елдерімен жан-жақты қарым-қатынастарын дамытуды қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 19, 2017 13:20 Asia/Almaty
  • Теһран Латын Америкасы елдерімен қарым-қатынастарды дамытуды қолдайды

ИИР Президенті Теһранның Латын Америкасы елдерімен ынтымақтастықтарын кеңейткісі келетінін қуаттап, Теһранның Латын Америкасы аймағы елдерімен жан-жақты қарым-қатынастарын дамытуды қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Нью-Йорктен хабарлауынша, БҰҰ Бас ассамблеясының 72-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке келген Иран Президенті Хасан Рухани  дүйсенбі күні  боливиялық әріптесі Эво Моралеспен кездесуінде ортақ мақсаттарға жету үшін тәуелсіз елдердің ынтымақтастығын қажет деп: «Ислам республикасы Латын Америкасы аймағы елдерімен жан-жақты қарым-қатынастарын дамытуды қолдайды. Бұл елдер де Иранның достығы мен ынтымақтастығына  арқа сүйей алады»,- деді.

Рухани екі елдің ынтымақтастық жобаларын талқылау мақсатында Иран мен Боливия экономикалық ынтымақтастық ортақ комиссиясының төртінші отырысының жылдам өтетіндігіне үміт білдіріп: «Иран мен Боливия Таяу Шығыс пен Латын Америкасында үлкен газ қорына ие елдер ретінде осы саладағы ынтымақтастықтарын кеңейте алады»,- деді.

Боливия Президенті Эво Моралес те кездесуде Руханиді елінде өтетін газ өндіруші елдер басшыларының саммитіне шақыруын қайталап: «Сіздің ОПЕК-тің саммитіне қатысуыңыз тәуелсіз достар бір-бірінің қасында деген маңызды жолдауды жеткізіп, Боливия-Иран ынтымақтастықтарының артуының белгісі дегенді білдіреді»,- деді.