Зариф: Ирактың бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтау қажет
Қыр 19, 2017 21:52 Asia/Almaty
Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Күрдістан аймағын Ирактан бөлу туралы референдумның өткізілуіне сілтеме жасап, Ирактың егемендігін құрметтеп, Конституциясын, бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтау қажеттігін қуаттады.
Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф дүйсенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ-ның Ирактағы арнайы өкілі Ян Кубишпен кездесу барысында Күрдістан аймағын Ирактан бөлу туралы референдумға қарсылық білдіріп, Эрбиль мен Бағдадтың диалогын текетіресті шешудің жалғыз жолы деп атады.