Рухани: Иран Ұлыбританиямен байланыстарды кеңейтуге әзір
https://itolqyn.com/news/world-i30991
ИИР-ның президенті Хасан Рухани кеше сейсенбі күні Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэймен кездесуінде кездесуде Еуропа Одағы мен Лондонның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын толық қолдауын құптап:
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 21, 2017 19:01 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран Ұлыбританиямен байланыстарды кеңейтуге әзір

ИИР-ның президенті Хасан Рухани кеше сейсенбі күні Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэймен кездесуінде кездесуде Еуропа Одағы мен Лондонның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын толық қолдауын құптап:

«ИИР Ұлыбританиямен байланыстарын барлық салаларда кеңейтіп, терерңдетуге әзір. «Ортақ қадам» – жеті елдің ұзақ та қарқынды талпыныстарымен жүзеге асырылған келісім. Осы елдердің барлығы міндеттемелерін толық орындап, оны сақтауға күш салуы керек» деді.

Иран президенті сондай-ақ, Теһранның аймақтағы лаңкестікпен күрестегі оң рөліне тоқталып: «Иран аймақ мәселелерінде Ұлыбританиямен сындарлы пікірлестік пен серіктестік жасауға дайын» деді.  

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй да кездесуде Теһран-Лондон байланыстарын кеңейтуге мүдделік танытып, жаңа кезеңде осы байланыстарды тереңдету үшін жаңа жолдар іздестіру керектігін айтып: ««Ортақ қадам» – өте маңызды келісім. Лондон оны жалғастыру қажеттігін қуаттайды» деп, «Ортақ қадам» келісіміне қолдау танытты. Ұлыбритания премьер-министрі сонымен қатар барлық тараптарды, соның ішінде Американы да «Ортақ қадам» келісіміндегі міндеттерін жүзеге асыруды сұрады.