Әлемнің 134 елі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдады
https://itolqyn.com/news/world-i31035
«77» тобының мүшелері жұма күнгі мәлімдемесінде «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасын қолдайтынын және ИИР-ға қарсы біржақты санкцияларды жою қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 23, 2017 16:01 Asia/Almaty
  • Әлемнің 134 елі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдады

«77» тобының мүшелері жұма күнгі мәлімдемесінде «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасын қолдайтынын және ИИР-ға қарсы біржақты санкцияларды жою қажеттігін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының саммиты аясында «77» тобына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің қорытынды мәлімдемесі мүше елдердің барлығының қолдауымен бірауыздан бекітілді.

«77» тобына мүше елдер Сыртқы істер министрлері мәлімдемеде «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын әлемдегі маңызды мәселелерді шешудің шынайы да сындарлы үлгісі әрі көпқырлы жүйенің сәтті ықпалдастығының нәтижесі деп атады.

«77» тобына мүше 134 елдің Сыртқы істер министрлері осы мәлімдемеде, сондай-ақ, ИИР-ға қарсы біржақты экономикалық санкцияларға қарсылық білдіріп, олардың тез арада жойылуын талап етті.

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Ғұламәли Хошру жұма күні кешке: «Трамптың БҰҰ Бас ассамблеясындағы жанжалды сөздерінен кейін «77» тобына мүше 134 елдің Сыртқы істер министрлері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдайтындықтарын жариялап, ИИР-ға қарсы кез келген экономикалық санкцияға қарсылық білдірді»,-деп мәлімдеді.