Украиналық ұшқышты 22 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды
Нау 23, 2016 19:11 Asia/Almaty
Ресей соты украиналық ұшқышқа өлтіру айыбымен 22 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.
Le Figaro франциялық газетінің интернет торабының хабарлауынша, Ресей соты украиналық ұшқыш Надежда Савченконы 2014 жылы Украинаның шығысында екі ресейлік тілші Игорь Корнелюк пен Антон Волошинді өлтіргені үшін 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Бұл Ресей прокуроры Надежда Савченко үшін 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасын талап еткен жағдайда орын алды.
Тегтер