Амано: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болды
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры ИИР-ның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болғанын тағы растады
Юкия Амано сейсенбі күні «Рейтерс» агенттігіне берген сұхбатта Агенттіктің Иранның ядролық нысандарына қосымша протоколға сәйкес көбі уақыты белгіленбей, кенеттен жүргізген тексерістерінде ешбір мәселенің анықталмағанына тоқталып, Иранның ядролық нысандарының өте көп тексеріліп жатқанын мәлімдеді.
Юкия Амано бұл сұхбатында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бірінші қосымшасының Т тармағын анықтауды сұрады. Өйткені, осы тармаққа қатысты Ресей мен Агенттік және Батыс үкіметтері арасында қайшылықтар байқалады.
Ядролық мәселеге қатысты келісімнің қарсыластары бұдан бұрын АҚШ Президенті Дональд Трампқа Иранмен арадағы келісімнің бірінші қосымшасының Т тармағын бұл елдің әскери орталықтарын тексеру үшін сылтау ретінде пайдалануды ұсынған болатын. Бұл тармақта ядролық жарылыс құралын жобалап, дамытуға үлес қосатын әр іс-әрекетке тыйым салынды.