Америкалық коалицияның қырғи ұшақтары Сирияның шығысына фосфорлық бомбалармен шабуыл жасады
(last modified Thu, 28 Sep 2017 08:40:45 GMT )
Қыр 28, 2017 14:40 Asia/Almaty
  • Америкалық коалицияның қырғи ұшақтары Сирияның шығысына фосфорлық бомбалармен шабуыл жасады

АҚШ бастаған коалицияның қырғи ұшақтары Сирияның Дейр оз-Зор облысының солтүстік-шығысындағы әс-Сур қалашығының тұрғын аудандарын фосфорлық бомбалармен атқылады.

Сирияның «SANA» ресми ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ бастаған коалиция қырғи ұшақтарының сәрсенбі күні кешке жасаған шабуылдарында 3 сириялық азамат қаза тауып, 5 адам жараланған. Қаланың инфрақұрылымы мен қоғамдық және жеке мүлікке көп шығын келтірілді.

Бұл коалиция өткен маусым айында да Сирияның Ракка қаласының батыс аудандарына жасаған шабуылда фосфорлық бомбаларды пайдаланып, 17 бейбіт тұрғынның қаза табуына себеп болды.

АҚШ пен оның бірнеше одақтас елі 2014 жылдың тамыз айынан бастап ДАИШ лаңкестік тобымен күрес сылтауымен БҰҰ аясынан тыс және Сирия үкіметінің келісімінсіз ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция құрды.