Ресей, Иран мен Түркияның Сирия дағдарысын шешуге бағытталған талпыныстары сәтті болды
(last modified Fri, 29 Sep 2017 11:40:59 GMT )
Қыр 29, 2017 17:40 Asia/Almaty
  • Ресей, Иран мен Түркияның Сирия дағдарысын шешуге бағытталған  талпыныстары сәтті болды

РФ Президенті Владимир Путин бейсенбі күні Анкарада Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен өткізген ортақ баспасөз конференциясында: «Ресей, Иран мен Түркияның Сирия дағдарысын шешуге бағытталған талпыныстары сәтті болды»,-деп қуаттады.

Осы уақытқа дейін «Астана» келіссөздерінің жоғары деңгейдегі алты кезеңі Сирия үкіметі, жан-жақты атысты тоқтату бітімін қабылдайтын қарулы наразылар,  Сириядағы бейбітшілікті кепілдендіруші елдер Ресей, Иран мен Түркия делегацияларының қатысуымен өтті. 

Бұл келіссөздердің басты нәтижесі Сирияда қақтығыстар азайтылған аймақтар құру болды.  Келіссөздер ИИР-ның бастамасымен және Ресей мен Сирияның әріптестігімен Сирияда бейбітшілік орнату мақсатында өткізілді.

РФ Президенті екі ел арасындағы сауда айналымы көлемінің 2017 жылдың алғашқы 7 айында 31 пайызға өскенін айтып, Ресей мен Түркия қарым-қатынасының одан ары кеңейтілуін қалайтынын білдірді.

Режеп Тайып Ердоған да осы баспасөз конференциясында екі ел байланысының кеңеюіне мүдделік танытып, Ресей мен Түркия арасындағы  сауда қатынасы деңгейінің жылына 100 млрд долларға жететіндігіне үміт білдірді.