Сионист миллиардерлер – Трамптың негізгі қолдаушылары
https://itolqyn.com/news/world-i31253-Сионист_миллиардерлер_Трамптың_негізгі_қолдаушылары
Жаңа мәліметтер сионист миллиардерлердің Трамптың негізгі қолдаушылары екенін көрсетеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 30, 2017 19:09 Asia/Almaty
  • Сионист миллиардерлер – Трамптың негізгі қолдаушылары

Жаңа мәліметтер сионист миллиардерлердің Трамптың негізгі қолдаушылары екенін көрсетеді.

«loxblog» сайтының жазуынша, Израиль сионистік режимін қолдаушы үш миллиардер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы топтарға ақша беруімен бірге АҚШ Президенті Дональд Трамптың негізгі қолдаушылары болған.

Америкалық сионист миллиардер Бернард Маркус – Трамптың сайлау командасының Ресеймен қарым-қатынасы туралы істің қаржысын қамтамасыз ету саласында оған қаржылай көмек көрсеткен байлардың бірі.

Америкалық бизнесмен, казино иесі Шелдон Адельсон те сионистік режимнің қолдаушысы, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсылардың бірі. Ол Американың сайлау науқаны кезінде Трамптың үгіт-насихат жұмыстарына 35 миллион доллар көмек көрсетті.

Келесі сионистік миллиардер Поул Сингер Трамптың кампаниясына бір миллион доллар көмек көрсетуімен бірге АҚШ-тағы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы топтарға да көптеген ақша берген.

Осы мәлімет бойынша Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер АҚШ-тағы сионистік лоббилердің белсенді мүшелерінің бірі ретінде танымал.