Сионист миллиардерлер – Трамптың негізгі қолдаушылары
Жаңа мәліметтер сионист миллиардерлердің Трамптың негізгі қолдаушылары екенін көрсетеді.
«loxblog» сайтының жазуынша, Израиль сионистік режимін қолдаушы үш миллиардер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы топтарға ақша беруімен бірге АҚШ Президенті Дональд Трамптың негізгі қолдаушылары болған.
Америкалық сионист миллиардер Бернард Маркус – Трамптың сайлау командасының Ресеймен қарым-қатынасы туралы істің қаржысын қамтамасыз ету саласында оған қаржылай көмек көрсеткен байлардың бірі.
Америкалық бизнесмен, казино иесі Шелдон Адельсон те сионистік режимнің қолдаушысы, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсылардың бірі. Ол Американың сайлау науқаны кезінде Трамптың үгіт-насихат жұмыстарына 35 миллион доллар көмек көрсетті.
Келесі сионистік миллиардер Поул Сингер Трамптың кампаниясына бір миллион доллар көмек көрсетуімен бірге АҚШ-тағы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы топтарға да көптеген ақша берген.
Осы мәлімет бойынша Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер АҚШ-тағы сионистік лоббилердің белсенді мүшелерінің бірі ретінде танымал.