Ресейдің әуе шабуылдарында ан-Носрат майданының қолбасшысы жараланды
Қаз 04, 2017 19:37 Asia/Almaty
Ресейдің Қорғаныс министрлігі ан-Носрат лаңкестік майданы қолбасшысының Ресей күштерінің жуырдағы әуе шабуылдарында қатты жараланғанын хабарлады.
Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков осы елдің әуе шабуылдарының нәтижесінде ан-Носрат майданының қолбасшысы Абу Мохаммад ал-Джуланидің бірнеше жерінен ауыр жараланып, қолынан айырылғанын, шабуылда Джуланидің оққағарлары мен айналасындағы шамамен 50 адамның, сонымен қатар осы майданның қолбасшыларынан 12 адамның, соның ішінде Джуланидің ең жақын кеңесшісінің өлгенін хабарлады.
Тегтер