Трамп Солтүстік Кореяға тағы қоқан-лоққы жасады
https://itolqyn.com/news/world-i31479
АҚШ Президенті Дональд Трамп сенбі күні Солтүстік Кореяға тұспалдап қоқан-лоққы жасады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 08, 2017 14:34 Asia/Almaty
  • Трамп Солтүстік Кореяға тағы қоқан-лоққы жасады

АҚШ Президенті Дональд Трамп сенбі күні Солтүстік Кореяға тұспалдап қоқан-лоққы жасады.

Трамп Twitter-дегі жеке парақшасында: «АҚШ басшыларының Солтүстік Кореямен сұхбаттасып, келісім жасап, орасан зор қаражат төлегеніне 25 жыл болды. Бұл жол ешқандай нәтиже бермеді. Келісімдер сиясы кеппей жатып-ақ бұзылып, АҚШ келісімгерлері алданып қалып отырды»,-деп жазды.

АҚШ Президенті өткен аптада да осы елдің бұрынғы басшыларын Солтүстік Кореяға мұрсат беріп, шегініп келді деп айыптап: «Мен бұл тәжірибені қайталамаймын»,-деді.

Солтүстік Корея жексенбі күні таңертең АҚШ Президентінің Солтүстік Кореяға қатысты жаңа қоқан-лоққыларына жауап ретінде осы елдің ресми ақпарат агенттігінде жариялаған мәлімдемесінде АҚШ-тың Корея түбегіндегі стратегиялық мақсаттарын өзінің ықтималды шабуылдарының ең бірінші нысанасы ретінде қарастырып отырғанын айтып, Тынық мұхитында орналасқан АҚШ-тың бақылауындағы жерлер мен «Америка театрының қуыршақтары» деп атаған күштердің Солтүстік Кореяның жойқын шабуылдарының нысанасына алынатынын мәлімдеді.