Трамптың «Ортақ қадамға» қатысты ұстанымы израильдік лоббилердің талап-тілектерін көздейді
Veterans Today онлайн басылымының бас редакторы Майк Харрис Америка президентінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстанымын Израильдің мүддесі бағытында деп атап:
«Ортақ қадам» бағдарламасына қарсылық танытатын тек израильдік лобби ғана. Сол себепті Америка президенті Дональд Трамп үшін сионистік режимнің мүдделері басымдылыққа ие. Атом қаруына ие Израиль жаппай қырып-жоятын қаруларды өндіру және таратуға тыйым салатын келісімге қол қоймаған. Тіпті, аталмыш келісімді қабылдамайды. Қазір Американың өзінің мүдделеріне сай нақты ұстаным қабылдап, Израиль лоббилерінің талап-тілектері бағытында әрекет етуді қоятын кезі жетті» деді.
Америка президенті Дональд Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының басқа тараптарының ұстанымдарына қарсы аталмыш бағдарламаны «қорқынышты келісім» деп атап, үнемі оны бұзуды талап етіп келеді. Бірақ әлем Америка президентінің бұл дұшпандық шарасына қарсы.