Трамптың «Ортақ қадамға» қатысты ұстанымы израильдік лоббилердің талап-тілектерін көздейді
https://itolqyn.com/news/world-i31531-Трамптың_Ортақ_қадамға_қатысты_ұстанымы_израильдік_лоббилердің_талап_тілектерін_көздейді
Veterans Today онлайн басылымының бас редакторы Майк Харрис Америка президентінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстанымын Израильдің мүддесі бағытында деп атап:
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 09, 2017 19:50 Asia/Almaty
  • Трамптың «Ортақ қадамға» қатысты ұстанымы израильдік лоббилердің талап-тілектерін көздейді

Veterans Today онлайн басылымының бас редакторы Майк Харрис Америка президентінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстанымын Израильдің мүддесі бағытында деп атап:

«Ортақ қадам» бағдарламасына қарсылық танытатын тек израильдік лобби ғана. Сол себепті Америка президенті Дональд Трамп үшін сионистік режимнің мүдделері басымдылыққа ие. Атом қаруына ие Израиль жаппай қырып-жоятын қаруларды өндіру және таратуға тыйым салатын келісімге қол қоймаған. Тіпті, аталмыш келісімді қабылдамайды.  Қазір Американың өзінің мүдделеріне сай нақты ұстаным қабылдап, Израиль лоббилерінің талап-тілектері бағытында әрекет етуді қоятын кезі жетті» деді.

Америка президенті Дональд Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының басқа тараптарының ұстанымдарына қарсы аталмыш бағдарламаны «қорқынышты келісім» деп атап, үнемі оны бұзуды талап етіп  келеді. Бірақ әлем Америка президентінің бұл дұшпандық шарасына қарсы.