Дональд Трамп тағы да "Ортақ қадамға" қарсы ұстаным білдірді
Қаз 12, 2017 23:13 Asia/Almaty
АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің бұрынғы ұстанымын қайталап, америкалық саясаткерлердің көпшілігіне қарсы ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы Вашингтонға зиян тигізеді" деді.
АҚШ президенті Дональд Трамп сəрсенбі күні Fax News телеарнасына берген сұхбатында "Ортақ қадам" бағдарламасын ең қисынсыз келісім деп атады.
АҚШ президенті Иранға қарсы негізсіз уəждерінің жалғасында: "АҚШ бұл келісім аясында 150 миллиард доллар бергенімен, еш нәрсеге қол жеткізе алмады. Иран тағы да өзінің зымырандық жəне ядролық əрекеттерін бастады",- деген уəж айтты.
Тегтер