"Ортақ қадам" бағдарламасы мен оқшауланған АҚШ
Америкалық басшылардың бірнеше аптаға созылған дау-жанжалдары мен пікірталастарынан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің "Ортақ қадам" деп аталатын Иран мен "алтылық» тобы арасында жасалған ядролық келісімге қарсы ұстанымын білдірді.
Дональд Трамп басынан аяғына дейін айыптау, қорлау мен қайшылыққа толы сөздерінде "Ортақ қадам" бағдарламасын растамайтынын, бұл мәселені АҚШ Конгресіне жолдайтынын хабарлады. Бірден осы хабардан кейін әлемдік қауымдастық, еуропалық ықпалды елдерден бастап халықаралық ұйымдардың жоғары басшылары бірауыздан АҚШ президентін халықаралық келісімді жүзеге асыру жолында бөгет жасағаны үшін айыптады. Еуроодақтың Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини Трампты өткір екпінмен айыптап: "Әлемдегі ешбір президент, әсіресе АҚШ президенті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары шеңберінде бекітілген келісімнің күшін жоя алмайды",- деді. Басқа елдердің басшылары Вашингтонның ұстанымына қарамастан, өздерінің "Ортақ қадамды" қолдауды жалғастыратындықтарын мәлімдеді. Басқа жағынан, Трамптың "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы айтылған сөздері АҚШ президентінің бірнеше ай бойы айтқан сөздері мен жасаған қоқан-лоққыларына қарамастан, "Ортақ қадамды" бұзуға батылы жетпейтінін көрсетті. Сол себепті, Трамп америкалық заң шығарушылар оның АҚШ-тың сыртқы саясаты үшін тудырған қиындығын шешуге шара табуы үшін допты Конгреске қарай жіберді. Дәл қазір Вашингтондағы бірнеше күн ішіндегі өзгерістер АҚШ Конгресіндегі "Ортақ қадамға" қарсы кейбір қайраткерлердің де Трамптың әдісіне қарсы екендігін және Ақ үй секілді бұл келісімді бұзуға күмәнданатындықтарын көрсетті. Бұған дейін "Ортақ қадам" бағдарламасының жарамсыз екендігін айтып келген АҚШ Конгресіндегі бір топ қазір "Ортақ қадам" бағдарламасын қадағалауды күшейту және оны нақты жүзеге асыру қажеттігін сұрап отыр. Бұл мәселе "Ортақ қадамға" қарсы әсірешіл ағымның аталмыш келісіммен күресте қолын байлап, АҚШ үкіметінің басқалардан ұпай алу үшін жасаған маневрінің күшін әлсірету тұрғысынан маңызды саналады. Трамп өз сөзінде Иранды әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті бұзушы және лаңкестікке демеу болып отырған ел ретінде таныстырып, бұл елдің қорғаныстық қуатын, атап айтқанда Сақшылар корпусын нысанаға алып, сол арқылы Иранға қарсы консенсусқа қол жеткізуге талпыныс жасады. Бірақ, бұл сөздерден кейін халықаралық қауымдастықтың америкалықтармен салыстырғанда "Ортақ қадамға" мүлдем өзге көзқарас ұстанатынын және "Ортақ қадамға" қатысы жоқ мәселелерді бұл келісіммен байланыстыруға мүдделі еместігін көрсетті. Қалай болғанда да Трамптың Иран мен "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы әрекет ету тәсілі туралы қарама-қайшылыққа толы сөздері АҚШ-тың сионистік режим және Азияның батысындағы бірқатар мемлекетті қамтитын оның ең жақын одақтастарымен бірге оқшаулануына жеткізді. Егер бұл сөздер айтылғанға дейін кейбіреулер АҚШ президентінің "Ортақ қадамға" қарсы теріс әрекеттер жасайтындығына қатысты алаңдаған болса, енді алаңдаушылықтардың негізсіз болғанын және Дональд Трамптың "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты халықаралық келісімді бұзуға батылы жетпейтіндігі, бәрінен маңыздысы, шамасы келмейтіні анықталды.