Трамптың «Ортақ қадам» бағдарламасына қарсы сөздеріне әлем басшылары реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i31717
Әлемнің әртүрлі саяси басшылары Америка президентінің ИИР-на қарсы жаңа стратегиясына реакция білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 15, 2017 09:37 Asia/Almaty
  • Трамптың «Ортақ қадам» бағдарламасына қарсы сөздеріне әлем басшылары реакция білдірді

Әлемнің әртүрлі саяси басшылары Америка президентінің ИИР-на қарсы жаңа стратегиясына реакция білдірді.

Еуропаның үлкен үш мемлекетінің басшылары, атап айтқанда Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй, Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Эммануэль Макрон ортақ мәлімдеме жариялап, Дональд Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты сындарсыз ұстанымына алаңдаушылық білдірді.

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Юкия Амано шындықты сынау және бақылау бағдарламасы арқылы сан рет Иранның «Ортақ қадам» бағдарламасына табандылығын растаған болатын. Ол Америка президентінің сөздеріне реакция білдіріп, Иранға қатысты әлемдік ең мықты ядролық тексерістер жүйесінің жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Федерика Могерини де қатаң екпінмен Трампты айыптап: «Әлемде ешбір президент, соның ішінде Америка президенті де БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарымен бекітілген келісімді бұза алмайды» деді.