Ресей: Америкалық коалиция сириялықтарды жаппай қыруда
Қаз 15, 2017 23:20 Asia/Almaty
Ресей Қорғаныс министрлігі америкалық коалицияның бұл елдің солтүстігіндегі Ракка қаласында Сирия халқының үйлерін бомбалап жатқанын қуаттады.
Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков: "АҚШ басқарған ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияның мақсаты – Сирия халқын қыру. Америкалық коалицияның әскери ұшақтарының бейсенбі күні кешке Раккаға жасаған шабуылында 35 адам қаза болды",- деді.
Тегтер