Лагард: Халықаралық валюта қорының Иранға қатысты саясаттарын өзгертетін себебі жоқ
Халықаралық валюта қорының бас директоры АҚШ Президентінің аталмыш қордың атқарушы директорларынан Иранға ақша бермеу туралы талабына реакция білдіріп, бұл қордың Иранға қатысты саясаттарын өзгертуге себебі жоқ екендігін қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Халықаралық валюта қорының бас директоры Кристина Лагард сенбі күні Халықаралық валюта қорының 199 мүшесінің бар екенін еске салып: "Мүше елдің бірі, соның ішінде ИИР қордан несие сұраса, біз бұл ел үшін жағдай жасаймыз",- деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми АҚШ Президентінің дипломатияға жатпайтын талабына реакция білдіріп: "Трамптың Халықаралық валюта қорынан Иранға ақша бермеу талабы оның халықаралық ұйымдардың жұмысынан хабарсыз екенін және бұл ұйымдардың істеріне араласуын білдіреді",- деп баса айтты.