Иран «Ортақ қадам» бағдарламасынан пайда көрмейтін болса, бұл келісімді қайта қарайды
https://itolqyn.com/news/world-i31783
Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы Теһран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының пайдасын көрмейтін болса, ядролық келісімді қайта қарайтынын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 17, 2017 07:53 Asia/Almaty
  • Иран «Ортақ қадам» бағдарламасынан пайда көрмейтін болса, бұл келісімді қайта қарайды

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы Теһран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының пайдасын көрмейтін болса, ядролық келісімді қайта қарайтынын айтты.

Лариджани Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан әлемдік парламентаралық одақтардың 137-ші саммиты аясында Ядролық сынақтарға тыйым салу келісімі ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербомен кездесуде: «Егер, Иран Америка Президенті Дональд Трамптың жөнсіз қатынасы салдарынан «Орта қадам» бағдарламасынан пайда көрмей, тек шығынға бататын болса, Теһран бұл тақырыпты міндетті түрде қайта қарайды. Атом Қуаты Халықаралық Ұйымы осы уақытқа дейін Иранның аталмыш келісімге беріктігін 8 рет растады. Бірақ, Трамп «Иран келісімге берік емес, Америка Конгресі шешім қабылдауы керек» деген уәж айтты. Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі пәтуа шығарып, ядролық, биологиялық және химиялық қарулар мен жаппай қырып-жоюды харам деп атады» деді.

Лассина Зербо да кездесуде Иранның «Ортақ қадам» бағдаламасына берік болуға қатысты оң әрі сындарлы ұстанымына алғыс айтып: ««Ортақ қадам» – халықаралық келісім. Оны жеке бір ел жоюға талпыныс жасамауы керек» деді.

Ядролық сынақтарға тыйым салу келісімі ұйымының атқарушы хатшысы Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің ядролық қаруларды қолдануды харам деп атаған пәтуасын өте маңызды әрі көңіл аударарлық деп бағалады.

Әлемдік парламентаралық одақтың бес күндік саммиты әлемнің 150-ден астам елінің парламенттік делегацияларының қатысуымен сенбі күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласында басталды.