Африка Одағы «Ортақ қадам» бағдарламасын қолдады
Африка Одағы комитетінің төрағасы осы одақтың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын толық қолдайтынын қуаттады.
Африка Одағы комиссиясының төрағасы Муса Факи Мохаммад мәлімдемеде бұл одақтың көптеген басқа да халықаралық қоғамдастықтардың мүшелері сияқты «Ортақ қадам» бағдарламасын қатты қолдап, оны жан-жақты дипломатияның жеңісі әрі халықаралық келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешу тәсілінің әсерлі екендігінің дәлелденуі санайтынын мәлімдеді.
Африка Одағы комиссиясының төрағасы мәлімдемеде «Ортақ қадам» бағдарламасын сақтап, Атом Қуаты Халықаралық Ұйымы мақұлдаған осы құжатты келісімге жауапты барлық тараптардың жүзеге асыруын қажеттілік деп атады.
Муса Факи Мохаммад «Ортақ қадам» бағдарламасының аймақ тұрақтылығындағы маңызды рөліне тоқталып, әлемдік түйткілдермен күресу үшін жан-жақты қатынастарға сенімді әрі әсерлі тәсілдер ретінде жүгіну қажеттігін баса айтты.