"Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты Трамптың қатынасы АҚШ-тың Ауғанстандағы жағдайын әлсіретті
https://itolqyn.com/news/world-i31824
Ауғанстанның бір басылымы АҚШ Президентінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына теріс қатынасының АҚШ-тың Ауғанстандағы беделіне бұрынғыдан бетер күдік тудырғанын жазды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 19, 2017 09:56 Asia/Almaty

Ауғанстанның бір басылымы АҚШ Президентінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына теріс қатынасының АҚШ-тың Ауғанстандағы беделіне бұрынғыдан бетер күдік тудырғанын жазды.

"Бүгінгі Ауғанстан" атты апталық газет  сәрсенбі күні АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы қатынасына сілтеме жасап, Ауғанстан басшыларына қаратып: «"АҚШ  "Ортақ қадам" секілді беделі жоғары бағдарламаны аяққа таптап тұрған кезде,  АҚШ-тың Ауғанстандағы уәделерін орындайтынғына  сену қиын",-деп жазды.

"Бүгінгі Ауғанстан" атты апталық газеті  "Ортақ қадам" бағдарламасы бұзылған жағдайда Ауғанстанға тиетін зияндар» атты сараптамасында АҚШ-тың аймақ пен әлем деңгейіндегі саяси тәсілінің өзгеруі мен стратегиясының тұрақсыздығын Ауғанстан үшін қатер қоңырауының белгісі болатынын жазды.

Бұл апталық газет сараптамасының жалғасында БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі мен АҚХА-нің мөрімен расталған "Ортақ қадам" секілді келісімді жоймақ болып отырған жағдайда Америка үшін Ауғанстанмен жасаған стратегиялық және қауіпсіздік  келісімдерін бұзу тіпті  оңай орын алатынын жазды.