АҚШ халқының 75 пайызы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдайды
https://itolqyn.com/news/world-i31829
АҚШ-тағы Таяу Шығысты зерттеу институты мен IPSOS көзқарастарды зерттеу орталығының ортақ сауалнамасының сәрсенбі күні жарияланған нәтижесі көрсеткендей, АҚШ халқының 75 пайызы Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келісімін қолдайды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 19, 2017 17:12 Asia/Almaty
  • АҚШ халқының 75 пайызы

АҚШ-тағы Таяу Шығысты зерттеу институты мен IPSOS көзқарастарды зерттеу орталығының ортақ сауалнамасының сәрсенбі күні жарияланған нәтижесі көрсеткендей, АҚШ халқының 75 пайызы Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келісімін қолдайды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл сауалнаманың негізінде, сондай-ақ, америкалықтардың 55 пайызы АҚШ Президенті Дональд Трамптың мұсылмандарға қатысты тәсілін бұрыс санайды.

Трамп әрдайым "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қорқынышты келісім деп атап, оның жойылуын қалайтынын қайталап келеді. Трамптың шешімі халықаралық қауымдастықтың, соның ішінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы тараптарының (Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Германия), тіпті америкалық қайраткерлердің көбінің қарсылығына ұшырады.