Юкиа Амано Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігін тағы растады
АҚХА-нің Бас директоры Иранның əрдайым "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелерін орындап келгенін тағы растады.
Иран Телерадио бірлестігінің Парижден хабарлауы бойынша, Юкиа Амано бейсенбі күні Парижде Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив ле Дрианмен кездесуінде АҚШ Президентінің Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына берік болмағаны туралы соңғы уəждеріне реакциясында: "Иран бағдарлама аясындағы барлық ядролық міндеттемелерін орындады. Біз осы уақытқа дейін тексерілуі тиіс барлық нысандарға қолжетімділікке ие болдық",-деді.
Баспасөз конференциясында Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив ле Дриан Иранның Вена ядролық келісімінен ауытқымағанын қуаттап: «Осы уақытқа дейін Иран ядролық салада еш ауытқушылық жасаған жоқ. АҚХА-нің растауымен Иранның ядролық жұмыстарына қатысты ешқандай алаңдаушылықтың жоқ екендігіне сенімдіміз",-деді.