Иран Ресей сенаторларының «Ортақ қадам» бағдарламасын сақтау жолындағы әрекетін қолдайды
Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының мүшесі Ресей сенаторларының Американың «Ортақ қадам» келісімінде қалуы үшін елдің Конгресіне қысым жасау мақсатындағы өтінішін Иранның қолдайтынын мәлімдеді.
Ресей сенаторлары елдің Сыртқы Істер Министрлігі өкілдерінің қатысуымен Ресей заң шығарушыларының бірқатарының ұсыныс жобасын қарастыру үшін отырыс өткізеді. Олар «алтылық» тобына мүше елдер мен тағы басқа елдердің Парламенттерінен Америка Конгресіне Вашингтонның «Ортақ қадам» келісімінде қалуы үшін қысым жасау туралы өтініш жасайды.
Иранның Исламдық кеңес мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының мүшесі Али Реза Рахими сейсенбі күні ИРНА-ға берген сұхбатта барлық елдердің арасында «Ортақ қадамға» қатысты әлемдік консенсустың қалыптасқанын айтып: «Америкалықтардың «Ортақ қадам» келісімін әлсіретудегі дұшпандық қатынасы мен кедергі жасауы әлемдік қауымдастық пен «алтылық» тобына мүше елдерге зиян келтіреді» деді.
Иран мен «алтылық» елдері арасында жасалған ядролық келісім 2016 жылдың қаңтар айынан бастап жүзеге асырыла бастады. Алайда, Америка үкіметі осы топтың бір мүшесі ретінде әрдайым «Ортақ қадамды» жүзеге асырудағы өз міндеттерін бұзып келеді.