Путинның арнайы өкілі мен Джабери Ансари Сирия дағдарысы туралы пікір алмасты
https://itolqyn.com/news/world-i31926-Путинның_арнайы_өкілі_мен_Джабери_Ансари_Сирия_дағдарысы_туралы_пікір_алмасты
Ресей Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері істері жөніндегі орынбасарымен Сирия дағдарысын шешу үшін жиналатын Астананың жетінші отырысының күн тәртібі туралы пікір алмасты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 25, 2017 14:36 Asia/Almaty
  • Путинның арнайы өкілі мен Джабери Ансари Сирия дағдарысы туралы пікір алмасты

Ресей Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері істері жөніндегі орынбасарымен Сирия дағдарысын шешу үшін жиналатын Астананың жетінші отырысының күн тәртібі туралы пікір алмасты.

Ресей Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев сейсенбі күні Сирия өзгерістері мен Астанада өтетін жетінші отырыстың күн тәртібі туралы пікір   алмасу мақсатында Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері істері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансаримен кездесті.

Сирия істері жөніндегі Иран мен Ресей өкілдерінің кездесуінде Сириядағы қақтығыстарды тоқтатуға қатысты соңғы өзгерістер талқыға салынып, Сирияда тұрақты бейбітшілік орнату саласында жаңа ұсыныстар жасалды. Астана үдерісі Иран, Ресей және Түркияның бастамасы және Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу үшін ұйымдастырылды. Осы уақытқа дейін Астанада  сириялық тараптар келіссөздерінің алты кезеңі өтті.

Астана үдерісі АҚШ үкіметінің қатысуынсыз құрылып,  Сирия дағдарысын шешуге ықпал етті.