Ресей Сирияға қатысты ұстанымдарына Батыс елдерінің бұрмаланған реакциясын сынады
Ресей Батыс елдерінің, әсіресе АҚШ-тың бұл елдің Сириядағы химиялық шабуылға байланысты тергеу жүргізуді ұзарту туралы заң жобасына вето жариялаудағы бұрмаланған ұстанымдарын сынады.
Ресей СІМ мәлімдеме жариялап, Ақ үйдің ақпарат хатшысы мен БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілінің Мәскеудің Сириядағы Башар Асадтың заңды үкіметіне қолдау көрсетуіне қатысты айтқан сөздеріне сілтеме жасап, америкалық басшылардан халықаралық қатынастарда әдептің шегінен шықпауды сұрады. Бұл америкалық екі тұлға ресейліктерді лаңкестер мен диктаторларды қолдайды деп айыптаған болатын.
Ресей СІМ мәлімдемесінің жалғасында Сирияның Хан-Шейхун облысында химиялық қаруды қолдану туралы күмәнді оқиғаға тоқталып: "Бұл оқиғаға Сирия үкіметіне қарсы лаңкестердің араласқанын дәлелдейтін жеткілікті айғақтардың болуына қарамастан, БҰҰ мен Химиялық қаруды таратуға тыйым салу ұйымның бірлескен комиссиясы оны назарға алмады» деді. Мәлімдемеде Батыс елдері мақсатының ақиқатты анықтау емес, Сирияға қысымды арттыру үшін халықаралық ұйымдарды теріс пайдалану екені баса айтылды.