Ресей: АҚШ Хан-Шейхун оқиғасын өз мүддесіне пайдаланбақ
Ресей СІМ жұма күні мәлімдеме жариялап: "АҚШ БҰҰ-ның Хан-Шейхун оқиғасын тергеу жөніндегі комитетінің біржақты есебін өз мүддесіне пайдалануды көздеп отыр",- деді.
Fars ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Ресей СІМ сондай-ақ БҰҰ-ның Хан-Шейхун оқиғасына қатысты химиялық қаруды таратуға тыйым салу жөніндегі тергеу механизміне наразылық білдіріп: "Бұл халықаралық ұйым өзінің тергеу жұмыстарында Химиялық қаруды таратуға тыйым салу жөніндегі комитеттің мүшесі ретінде Сирияның құқықтарын бұзды",- деп мәлімдеді.
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков та жұма күні: "БҰҰ-ның Хан-Шейхун оқиғасы жөніндегі комитеттің жуырдағы есебінен көптеген қайшылық байқалады",- деді.
Сирия СІМ де жұма күні кешке мәлімдеме жариялап: "Бұл есеп АҚШ пен оның одақтастарының Дамаскке көбірек қысым көрсетуге қатысты бұйрықтарын жүзеге асыру мақсатында жарияланды",- деп қуаттады.
БҰҰ мен Химиялық қаруды таратуға тыйым салу ұйымының бірлескен комитеті бейсенбі күнгі баяндамасында Хан-Шейхун оқиғасын Сирия үкіметі жүзеге асырды деген уәж айтты.
Сирияның оңтүстігіндегі Хан-Шейхун аймағында сәуірдің төрті күні орын алған күдікті химиялық шабуылда 100-ден астам адам қаза тауып, 400-ге жуық адам жараланған болатын.