Қазақстан мен Ресей президенттері телефон арқылы сұхбаттасты
Қазақстан мен Ресей президенттері телефон арқылы сұхбатта Қазақстанның бас қаласында өткен "Астана келіссөздерінің" жетінші кезеңінің нәтижелерін талқылады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбатта Астана үкіметінің Сириядағы жағдайды толығымен шешуге бағытталған үдерісін жалғастырудың маңыздылығын баса айтты.
Екі елдің басшылары телефон арқылы сұхбатта жұмыс тәртібіндегі екіжақты және халықаралық өзара әрекеттестік секілді кейбір маңызды мәселелер жайында пікір алмасты.
Сонымен қатар, Назарбаев пен Путин 2017 жылы қараша айының тоғызы күні Ресейдің Челябинск қаласында өтетін Қазақстан мен Ресей ынтымақтастықтары жайлы форумды өткізуге қатысты дайындық үдерісі туралы сөйлесті.
Мұның алдында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астана келіссөздерінің жетінші кезеңі өткізілгеннен кейін өткен баспасөз конференциясында: "Сириядағы шиеленістер азайтылған аймақтар ДАИШ және "ан-Носрат" майданы лаңкестік топтарының көзін жоюға бағытталған әскери амалдарды тездетуде ерекше рөл атқарды",- деді.
Астана келіссөздерінің келесі кезеңі Қазақстанның елордасы Астана қаласында желтоқсан айында өткізіледі.