АҚШ-тың рұқсатымен Иранға қарсы айып тағылуда
https://itolqyn.com/news/world-i32122
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы саясаттарының жалғасында айтқан негізсіз уәждерінде Йеменнен Риядқа зымыран атудың жауапкершілігін Иранның мойнына артты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 06, 2017 18:12 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың рұқсатымен Иранға қарсы айып тағылуда

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы саясаттарының жалғасында айтқан негізсіз уәждерінде Йеменнен Риядқа зымыран атудың жауапкершілігін Иранның мойнына артты.

Сауд Арабиясы сенбі күні Риядтың үстінен бір баллистикалық зымыранның ізі кесілгені туралы хабарлап: "Бұл зымыран Йеменнен атылды",- деп мәлімдеді.

Иранның Қорғаныс министрі Амир Хатами АҚШ-тың бұл уәжіне жауап ретінде: "Дұшпан Иранға қарсы айып тағу үшін әрбір мүмкіндікті пайдаланады. Біз бұл мәселені үзілді-кесілді теріске шығарамыз",- деді.

Йемен соғысы Сауд Арабиясы үшін шығыны мол соғысқа айналды. Бұл соғыс Йемен мен осы ел азаматтары үшін күнделікті көптеген қаржылай және адами шығын мен зиян келтіруде.

Сауд Арабиясының Йемендегі әскери амалдары 2015 жылы наурыздың жиырма бесі күні "Қатты дауыл" атты әскери операция барысындағы Сауд Арабиясының ауқымды әуе шабуылдарымен басталды. Сауд Арабиясының соғысты ұйымдастыруға деген көзқарасы мен осы елдің 27 күндік әуе шабуылдарынан кейін теңіз және құрлықтағы қақтығыстарына ұласқан "Қатты дауыл" әскери амалдарын жүзеге асыруы Сауд Арабиясының саяси қолбасшылары мен әскери стратегтерінің қысқа мерзім аралығында өздерінің Йемендегі мақсаттарына жететіндігіне сенгенін көрсетіп отыр. Бірақ, олардың бұл жоспары жүзеге аспады.

АҚШ президенті Рияд пен Вашингтонның Сирия және Йемендегі саясаттары жеңіліске ұшыраған жағдайда Иранды Йемен істеріне араласуда және оған тосқауыл жасауда деп айыптап отыр. Олар осы жеңілістерін бүркемелеу мақсатында Иранға қарсы мыңдаған айыптауларды тағып жатыр.

Иранның бұрынғы дипломаты Сейіт Хосейн Моусавиан Сауд Арабиясының Йеменге басқыншылығына қатысты Қытай телеарнасында өткен дөңгелек үстелде АҚШ-ты Сауд Арабиясының соғыс қылмастарын жүзеге асыру мен Йеменге басқыншылығындағы сыбайласы деп атап: "Соғыс қауіпсіздік әкелмейді. Риядтың Йеменге шабуылдары салдарынан алдағы жылдары Сауд Арабиясы үшін қауіпті жағдай орнайды",- деп мәлімдеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жарияланған құжаттар мен есептерге сәйкес америкалықтар миллиондаған адамның өліміне әкеліп соқтырған саясаттарды жүзеге асырды. АҚШ-тың Вьетнам, Ауғанстан, Индонезия, Пәкістан, Судан, Ирак және т.б. елдерде жүргізген тікелей және жанама соғыстары миллиондаған адамды өмірден айырды. Иран да осы соғыстардың құрбандарының бірі саналады.

АҚШ-тың Towson университетінің профессоры әрі Таяу Шығыс институтының Таяу Шығыс және Йемен мәселелері жөніндегі сарапшы Чарльз Чемитс Йемен соғысындағы АҚШ-тың атқаратын рөлі жайлы Mehr ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "АҚШ Йемен соғысында басты рөл атқарады. АҚШ "әл-Каидамен күрес" кампаниясы арқылы тікелей және Сауд Арабиясына қолдау көрсету арқылы жанама түрде Йемен соғысына араласып отыр",- деді.

АҚШ адамдарды өлтіруге тікелей жауапты ел болуымен қатар, бала өлтіруші режимдердің, атап айтқанда Сауд Арабиясы мен Израильдің Палестина мен Йемендегі қылмыстарына қолдау көрсетті. Трамптың жалған сөздерінде Иранға таңылып жатқан айыптар шын мәнінде АҚШ-тың Сауд Арабиясындағы бірнеше жылдық әрекеттерінің көрінісі саналады. Бірақ, Вашингтонның басшылары өз әрекеттеріне жауап берудің орнына Иранды аймақтың қазіргі жағдайына жауапты етіп көрсетуге талпыныс жасап, осындай уәждер арқылы Сауд Арабиясының басшыларын Ираннан қорқыту саясатын жалғастыруға ынталандырып отыр.