Амано: Иран «Ортақ қадам» келісіміндегі міндеттерін орындап жатыр
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан бері екі жыл өткеннен бері Иранның аталмыш келісімдегі міндеттемелерін орындап жатқанын мәлімдеді.
ИРНА тілшісінің мәліметі бойынша, Юкио Амано дүйсенбі күні АҚХА-нің құрылғанының 60 жылдығына орай Вашингтонның Вудро Вильсон орталығында өткен рәсімде сөйлеген сөзінде: «АҚХА Иранның ядролық бағдарламасын қатаң тексерістерден өткізуде. Иран халықаралық барлық заңдар мен қосымша протоколдарды орындауға міндеттеме алған. Иран сонымен қатар бағдарламасының айқын екендігіне сенім тудыру үшін ерікті түрде көбірек шараларды атқаруға келісті. Сол себепті Агенттік қазір көбірек мекендерге қолжетімділікке ие. Сондай-ақ, Агенттік Иранның ядролық бағдарламасына қатысты «Ортақ» қадам» келісімінен бұрын болмаған көбірек мағлұматқа қол жеткізді» деді.
Амано, сондай-ақ, Солтүстік Кореяның өткен қыркүйек айындағы ядролық сынағына өкініш білдіріп, Солтүстік Кореяның жағдайы туралы жаңа мәлімет бере алмайтынын, бірақ, осы елдің жетекшілерінен барлық міндеттемелеріне, сонымен қатар БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі мен АҚХА-нің резолюцияларына табанды болуды сұрағанын айтты.