"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы талқыға салынбайды
https://itolqyn.com/news/world-i32185
ИИР-ның БҰҰ-дағы елшісі әрі тұрақты өкілі Ғоламали Хошру: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарының бір бөлігі ретінде қайта талқылауға да, біржақты негізде күшін жоюға да жатпайды. Сондықтан осы бағдарламаның барлық тараптары өз міндеттемелерінің барлығын орындап, бағдарламаға қайшы кез келген шараны атқарудан аулақ болуы тиіс",-деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 11, 2017 19:03 Asia/Almaty

ИИР-ның БҰҰ-дағы елшісі әрі тұрақты өкілі Ғоламали Хошру: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарының бір бөлігі ретінде қайта талқылауға да, біржақты негізде күшін жоюға да жатпайды. Сондықтан осы бағдарламаның барлық тараптары өз міндеттемелерінің барлығын орындап, бағдарламаға қайшы кез келген шараны атқарудан аулақ болуы тиіс",-деп қуаттады.

Хошру жұма күні БҰҰ Бас ассамблеясының АҚХА-ның жылдық есебін талқылауға арналған жиналысында АҚШ-тың саясаттарын сынап: "Иранның сенім тудыру шараларын ұзартуға бағытталған кез келген біржақты талап «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының принципі мен мақсатына қайшы және мүлдем қабылдауға келмейді",-деді. 

АҚШ Президенті Дональд Трамп жауластықты жалғастырып, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының Иран тарапынан бұзылғанын айтып,  оның зымырандық қорғанысын қауіп деп көрсетіп, Иранды аймақтың ісіне араласады деп айыптап,  2017 жылдың тамыз айының екісі күні "Катса" деп аталатын заңды күшіне енгізді. Бұл заң АҚШ үкіметін күшіне енгеннен кейінгі 90 күннің ішінде Иранға қарсы санкциялар салуға міндеттейді.

Бұл жолдағы кез келген шараның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының әлсіреуіне әкеліп соқтыратыны анық.

АҚХА "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан кейінгі 8 есебінде Иранның толық әрі кемшіліксіз әріптестік жасағанын қуаттады. Осы агенттіктің бас директоры Юкия Амано жұма күнгі жиналыста Иранның осы бағдарламаға беріктігін тағы растады.

Еуроодақтың БҰҰ-дағы өкілі де осы жиналыста "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қорғау қажеттігін айтып, барлық тараптарды аталмыш бағдарламада белгіленген міндеттемелерін толығымен орындауға шақырды.

Қытайдың БҰҰ-дағы елшісі У Хайтао мен Жапонияның  БҰҰ-дағы елшісі Коро Бэссе "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын орындауды жалғастыра беруді қолдады.

АҚШ-тың саясаты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына ғана емес,  барлық салаларда да бүлдіргі сипатқа ие болып, әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне зиян болды.

Иранның Халықаралық қатынастар жөніндегі стратегиялық кеңесінің басшысы Камал Харрази осы салада: "АҚШ-тың Парсы шығанағындағы кейбір елдердің лаңкестік топтарды қолдап отырғанына көзжұма қарауы лаңкестердің Таяу Шығыс аймағында белсенділіктерін арттыруға себеп болды.

Еуропаның қазіргі қауіпсіздігі ИИР мен оның одақтастарының Сирия мен Ирактағы лаңкестік топтармен күресте жасаған көптеген жанпидалықтары мен материалдық шығындарына қарыздар",-деді.

Ресейдің Саяси стратегиялар орталығының басшысы Сергей Михеев те АҚШ-тың әрекетін талдауда: "АҚШ тек аймақта текетірес тудыру стратегиясын  орындайды. Осылайша өзінің стратегиялық мүдделері мен геосаяси  үстемдігін қамтамасыз ету үшін әртүрлі елдердің ішкі ісіне көбірек араласуға жағдай жасауды көздейді. Бұл үдеріс Вашингтонның кәнігі тәсіліне айналды",-дейді.

АҚШ Иранмен жауласқаннан басқа ештеңе істеген жоқ. Енді "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен Иранның қорғаныс қуатын осы жауластықтың негізіне айналдырып отыр. Иранның зымырандық қабілеті тек қорғаныстық және тежегіштік сипатқа ие және біреумен талқыға салатын немесе "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасымен байланыстыратын тақырып емес.