Харази: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы америкалықтарға сенім артуға болмайтынын көрсетті
https://itolqyn.com/news/world-i32205
Иранның Сыртқы қарым-қатынас стратегиялық кеңесінің басшысы Иран мен "алтылық" тобы келісімінің америкалықтарға сенім артуға болмайтынын көрсеткенін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 13, 2017 07:07 Asia/Almaty
  • Харази:

Иранның Сыртқы қарым-қатынас стратегиялық кеңесінің басшысы Иран мен "алтылық" тобы келісімінің америкалықтарға сенім артуға болмайтынын көрсеткенін қуаттады.

ИРНА-ның жексенбі күнгі мәліметі бойынша, Камал Харази Венада Еуропа Одағы отырысының аясында Wiener Zeitung газетіне берген сұхбатында: "Иран мен "алтылық" тобының ядролық мәселеге қатысты келісімі Теһранның келіссөздерге дайын болғанын және өз міндеттемелеріне табанды екенін көрсетті. Бірақ, америкалықтар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзып, санкция салып, оларға сенім артуға және олармен келіссөздер өткізуге болмайтынын көрсетті",- деді.

Иранның Сыртқы қарым-қатынас стратегиялық кеңесінің басшысы сонымен бірге Таяу Шығыс аймағындағы өзгерістер және Иран мен Сауд Арабиясының қарым-қатынастары туралы: "Иран Сауд Арабиясының аймақтағы қисынсыз ұстанымдарына алаңдаушылық білдірді. Саудиялықтардың әскери әрекеті Йемен халқына ешбір пайда әкелмеді",- деді.

Харази Сауд Арабиясының Иранға қарсы дұшпандық саясат ұстануына тоқталып: "Саудиялықтардың «Йеменнің Сауд Арабиясына атқан зымыраны ирандық» деген сөздері өтірік. Йеменнің зымырандық бағдарламасының Иранға қатысы жоқ",- деп қуаттады.