Сочи отырысының қорытынды мәлімдемесі жарияланды
https://itolqyn.com/news/world-i32403-Сочи_отырысының_қорытынды_мәлімдемесі_жарияланды
Иран, Ресей мен Түркия президенттері ортақ мәлімдеме жариялап, Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі мен территориялық тұтастығын тағы растап, лаңкестік топтардың соңғы жеңілісіне дейін өзара ынтымақтастықтарын жалғастыратыны жайлы келісті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 23, 2017 16:38 Asia/Almaty
  • Сочи отырысының қорытынды мәлімдемесі жарияланды

Иран, Ресей мен Түркия президенттері ортақ мәлімдеме жариялап, Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі мен территориялық тұтастығын тағы растап, лаңкестік топтардың соңғы жеңілісіне дейін өзара ынтымақтастықтарын жалғастыратыны жайлы келісті.

Сәрсенбі күні кешке Сочи отырысының соңында Иран, Ресей мен Түркия президенттері қол қойған ортақ мәлімдемеге сәйкес, үш ел – Иран, Ресей мен Түркия өздері кепіл болып табылатын Сириядағы атысты тоқтату бітімін сақтау мен нығайту үшін жасалып жатқан үшжақты үйлесімдік деңгейіне ризашылықтарын білдірді.

Иран, Ресей мен Түркия президенттері сириялықтарға елінің бірлігін қайтаруға және Сирия халқының қолдауымен Конситутция мәтінін дайындап, БҰҰ-ның бақылаумен еркін, әділ және Сирияның барша халқы қатысуға құқылы сайлаулар өткізуге себеп болатын, жан-жақты, еркін, әділ «сириялық-сириялық» үдеріс арқылы осы дағдарыстың саяси шешім жолына қол жеткізуге көмектесу үшін келісім жасады.

Рухани, Путин мен Ердоған Сирияның егемендігіне, тәуелсіздігіне, бірлігі мен территориялық тұтастығына және оның тұтастығына жауапты санайтын Сирия үкіметі мен қарсыласушы топ өкілдерінен жақын арада Сочиде өтетін Сирия ұлттық жиынына сындарлы түрде қатысуды сұрады.