Вашингтон Пхеньянды ауыздықтай алмады
(last modified Thu, 30 Nov 2017 09:02:58 GMT )
Қар 30, 2017 15:02 Asia/Almaty
  • Вашингтон Пхеньянды ауыздықтай алмады

Америкалық ақпарат құралдары АҚШ Президенті Дональд Трамптың Солтүстік Кореяның Президенті Ким Чен Ынға әдепсіз сөздермен шабуыл жасауын Вашингтонның Пхеньянның зымырандық және ядролық жұмыстарымен күресуге қауқарсыздығына ашуланғанының белгісі деп атады.

USA Today басылымының интернет сайтында жазылғандай,  Трамп сәрсенбі күні сөйлеген сөзінде Солтүстік Кореяның Президентіне «иттің баласы» деген әдепсіз сөз қолданып, Ким Чен Ынға шабуыл жасады. Әдепсіз сөздерді қолданудың қайталануы – Трамптың Корей түбегіндегі дағдарысты ауыздықтауға қауқарсыздығынан туындаған ашудың белгісі.

USA Today-дің хабарлауы бойынша, Дональд Трамптың Солтүстік Кореяның Президентіне қатысты әдепсіз сөздер қолдануы бірінші рет емес. АҚШ Президенті БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде де Ким Чен Ынды «зымыран адам» деп атап, Солтүстік Кореяны жойып жіберетіні туралы қоқан-лоққы жасаған болатын. Бұл сөздер АҚШ-тың іші мен сыртында көптеген теріс реакцияларға ұшырады.

USA Today басылымы интернет сайтының хабарлауы бойынша, Трамп сәрсенбі күні Миссури штатындағы Сент-Чарльз қаласында әдепсіз сөйлеп, Солтүстік Кореяның Президенті Ким Чен Ынды «ауру иттің баласы» деп атады.

Бұл сөз Солтүстік Корея баллистикалық зымыранын сынақтан өткізгеннен бір күн өткен соң айтылды.