Трамп Тереза Мейдің сынына рекция білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i32589
Ұлыбритания премьер-министрі АҚШ президенті Дональд Трамптың Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында исламға қарсы видеолардың қайта жариялануын сынға алғаннан кейін Трамп бұл мәселеге реакция білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 30, 2017 21:57 Asia/Almaty
  • Трамп Тереза Мейдің сынына рекция білдірді

Ұлыбритания премьер-министрі АҚШ президенті Дональд Трамптың Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында исламға қарсы видеолардың қайта жариялануын сынға алғаннан кейін Трамп бұл мәселеге реакция білдірді.

Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мейге: "Маған назар аударма. Оның орнына Британияда тамырын жайған лаңкестерге көңіл бөлгенің жөн. Біздің жағдайымыз жақсы",- деп жазды. Ұлыбритания премьер-министрінің ақпарат өкілі Трамптың Ұлыбританиядағы бір әсіре оңшыл партия мүшесінің Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялаған исламға қарсы видеоларды қайта жариялау түріндегі әрекетін қателік деп атады. Дональд Трамптың мұсылмандарға қарсы әрекеттері Ұлыбританияда дау-жанжалдардың толқынын тудырды. Ұлыбритания Лейбористік партиясының жетекшісі Джереми Корбин де Twitter-дегі жеке парақшасында: "Трамптың мұндай жиркенішті әрекеттері қоғамға қауіп төндіреді",- деп жазды.