Қытай мен Ресейдің қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтары кеңейді
https://itolqyn.com/news/world-i32619-Қытай_мен_Ресейдің_қорғаныс_саласындағы_ынтымақтастықтары_кеңейді
Қытайдың Қорғаныс министрі Бейжің мен Мәскеудің әуе қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтарының артқаны туралы хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 01, 2017 21:04 Asia/Almaty
  • Қытай мен Ресейдің қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтары кеңейді

Қытайдың Қорғаныс министрі Бейжің мен Мәскеудің әуе қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтарының артқаны туралы хабарлады.

Қытайдың Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Бейжіңде өткен баспасөз отырысында осы хабарды жариялап, Қытай мен Ресей армияларының желтоқсанның 11-16 күндері  Бейжіңде ортақ әскери жаттығу өткізетінін хабарлап, екі ел жаттығуының мақсатын баллистикалық қанатты ракеталардың ықтималды шабуылдарына жауап қайтару деп атады.

Ресей мен Қытайдың қарым-қатынасы соңғы жылдары ілгерілеп, екі елдің екіжақты және жан-жақты, соның ішінде БРИКС аясындағы  ынтымақтастықтары кеңейді.