Мәскеуде Каспий теңізі жағалауындағы елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтеді
(last modified Mon, 04 Dec 2017 02:17:43 GMT )
Жел 04, 2017 08:17 Asia/Almaty
  • Мәскеуде Каспий теңізі жағалауындағы елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтеді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы дүйсенбі күні Мәскеуде Каспий теңізі жағалауындағы елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтетінін хабарлады.

Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми: «Мәскеу отырысына Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен бірге елдің саяси, құқықтық, шекара және басқа салалардың эксперттері қатысады. Мәскеу отырысында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі конвециясының жобасының баптары мен Каспий теңізі жағалауындағы елдер басшыларының алдағы саммитінде қол қойылатын құжаттар туралы пікір алмасу өтеді»,- деді.