Макрон АҚШ-тың Құдсқа қарсы әрекеттеріне қарсылық білдірді
Франция Президенті Эммануэль Макрон дүйсенбі күні кешке америкалық әріптесі Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, Құдс қаласының Вашингтон тарапынан сионистік режимнің астанасы ретінде жариялануына алаңдаушылық білдірді.
Бұдан бұрын хабардар дереккөздерінің бірі АҚШ Президентінің дүйсенбі күні өз елінің елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа ауыстыруды бұйырғанын және сәрсенбі күні Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде жариялағысы келетіні туралы хабарлаған болатын.
Ақ үй дүйсенбі кешке халықаралық сындарға реакция білдіріп, Дональд Трамптың АҚШ елшілігін Құдсқа ауыстыру туралы әлі шешім қабылдамағанын хабарлады.
Трамп президенттік сайлау алдында және одан кейін де сан рет сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхуге АҚШ-ның елшілігін Тел-Авивтен Құдсқа ауыстыру туралы уәде берген болатын.
Трамп пен Нетаньяхудың АҚШ елшілігін Тель-Авивтен қасиетті Құдсқа ауыстыру жобасы палестиналықтар мен әлемдік қоғамның қарсылығымен бетпе-бет келді.