Трамп мұсылмандарға соғыс жариялады
(last modified Thu, 07 Dec 2017 09:05:04 GMT )
Жел 07, 2017 15:05 Asia/Almaty
  • Трамп мұсылмандарға соғыс жариялады

АҚШ Президенті сәрсенбі күні аймақ пен әлемде ауқымды қарсылықтардың болғанына қарамастан елінің Құдсты Израильдің астанасы ретінде ресми түрде танитынын жариялады.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінен осы елдің елшілігін Тель-Авивтен Бейт ул-Мұқаддасқа ауыстыруға қатысты дайындық жасауын сұрады.

АҚШ-тың Конгресі 1995 жылы 23 қазанда АҚШ елшілігін Құдсқа ауыстыру туралы жоба бекіткен болатын. АҚШ-тың әртүрлі үкіметтері сол заманнан бері қоғамдық пікірден жасқанып, Конгрестің бұл қаулысын орындаудан бас тартып келді.

Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сәрсенбі күні кешке жасаған мәлімдемесінде АҚШ Президентінің Бейт ул-Мұқаддасты сионистік режимнің астанасы деп тану туралы шешімін сионистер үшін тарихи күн деп атады.

Нетаньяху маңызды халықаралық тұлғалар мен басшылардың АҚШ Президентінің шешіміне білдірген қарсылығына тоқталмастан: «Трамптың бұл шешімі оның өз уәдесін орындауға беріктігін көрсетеді. Израиль басқа елдердің де осы шешімді қабылдайтындығына үміттенеді»,-деді.